Елім менің Şarkı Sözleri

Бекболат Тілеухан , Ибрагим Ескендiр

2018

12
2

Paylaş:



Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.
Бекболат Тілеухан, Ибрагим Ескендiр, Елім менің Şarkı Sözleri, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Фатима Жарылгапова

27 Kasım 2018

жаңаәндер

Айгул

Metini düzeltti

27.11.2018
Kullanıcılar