Сен мұңынды бер маған Şarkı Sözleri

Бауыржан Ретбаев

Сен мұңынды бер маған

3
0

Paylaş:



Жұлдыздарды жолдарыңа жайдың көк,
Мұңы аз ба, қайғысы мол, Айдын көп,
Сен өнердiң адамысың ақынсың,
Содан болар қуаныштан қайғың көп.
 
Тұлпарлардай заулап өмiр ағады,
Түн мұңайып жұлдыз жанар жанады,
Бұл өмiрде ғашық іңкәр болдым мен,
Сол бiр ақын жүрегiне жаралы.
 
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған,
Бақытымды айырбастап қайғыңа,
Махаббатты мәңгi арнайын мен саған.
 
Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк,
Мен өзiңдi ұнатамын асық боп,
Сенiн мұңды жырларыңа қосылып,
Домбыраңды жылатайын ғашық боп.
 
Жанарыңның тұңғиығы тереңде,
Домбыраңмен әсем сазды бер елге.
Айырбастап алсам сенiң мұңынды,
Бақытты жан болмас деймiн менен де.

Бауыржан Ретбаев, Сен мұңынды бер маған Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

28.10.2015
Video
Бауыржан Ретбаев
Сен мұңынды бер маған