Жылама жүрек Şarkı Sözleri

Аю ft. Айтеке

Жылама жүрек

1
0

Paylaş:


Жылама жүрек, жылама бекер,
Осынша уакыт күткенің жетер.
Қайғы мен мұңның бәріне төздім
Қиналма жүрегім бұл күндер өтер.
Неге жылайсың өткенді ойлап,
Есіңнен шығар ұмытшы бәрін.
Жылама енді пайда бермейді
Сүйгенің енді қайта келмейді.

Қайырмасы:
Жылама жүрек, жылама бекер,
Осынша уакыт күткенің жетер.
Жылама жүрек, жыламашы сен
Ұмытшы бәрін, ұмытшы бәрін.( 2-рет)

Сені ойлаумен таңдарым атты,
Сағындым сені, сағындым қатты.
Бейкүнә жүрек сені іздеумен
Кеудеме сыймай бұлқынып жатты.
Өзіңді қинап сағынба оны, 
Өткен күндерің тек мұңға толы.
Жаралы жүрек енді мұңайма
Тосумен өтті махаббат жолы.

Қайырмасы:
Жылама жүрек, жылама бекер,
Осынша уакыт күткенің жетер.
Жылама жүрек, жыламашы сен
Ұмытшы бәрін, ұмытшы бәрін.( 4-рет)
Аю ft. Айтеке, Жылама жүрек Şarkı Sözleri, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Sözü ekledi

29.10.2015