Арлан Дуэті Мен аңсаған ару (2017), Şarkı Sözleri

Мен аңсаған ару Şarkı Sözleri

Арлан Дуэті

2017

0
0

Paylaş:



Даланың ханшасы көзімді алған
Көздерің құлпырып төзімді алған
Солады бір күні гүлдеріңде
Амал не сендегі сезім жалған
Сүйемін даланың ерке қызын мен
Өзіңнің бағыңа ертемісің сен
Жалғанда жанымды жаралағанмен
Қиялды шарлаған ертегімсің сен

Қайырмасы:
Барамын барамын барамын бағына мен
Қасыңнан қасыңнан табылар ем
Жападан жалғыз қап жүрегімде
Өзіңді өзіңді сағынар ем
Қайтейін қайтейін көңілдесің
Қасымда алыста көгімдесің
Қолыма түспейтін ханшайымым
Сен маған көрінбес өмірдесің

Қиялым іздеуден шаршамайды
Қалдырып артыңнан хат жамайды
Өзіңе ғашық қып кеттің мені
Бұл жүрек қаншама аңсамайды
Қатігез тағдырға шыдамадың
Іздесем қасымнан табылмадың
Аяулым шын сөзің жүректегі
Алысқа кетсеңде сағынамын

Қайырмасы:
Барамын барамын барамын бағына мен
Қасыңнан қасыңнан табылар ем
Жападан жалғыз қап жүрегімде
Өзіңді өзіңді сағынар ем
Қайтейін қайтейін көңілдесің
Қасымда алыста көгімдесің
Қолыма түспейтін ханшайымым
Сен маған көрінбес өмірдесің






Айгул

Metini düzeltti

28.02.2018
Kullanıcılar