Арай тобы Анашым (0), Şarkı Sözleri

Анашым Şarkı Sözleri

Арай тобы

Анашым

9
0

Paylaş:



 
1. 
Жалғандағы жанашырым
Жалғыз сен ғанасың.
Жаны жайсаң жаны асылым 
Жайдарлы анашым.
Қамын ойлап баласының
Күлкісіз күндер өтті,
Ұйқысыз түндер өтті. 
Білдік пе соның бағасын...
 
Қайырмасы:
 
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Дарасың - анашым,
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Жан анашым...
 
2. Күннен ыстық алақаның
Жылытты жанымды.
Алыстағы балапаның 
Иісіңді сағынды.
Ақыл айтсаң жат түсініп,
Жүрекке дақ түсіріп,
Самайға ақ түсіріп,
Ауыртсам кешір жаныңды...
 
Қайырмасы:
 
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Дарасың - анашым,
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
 
Мама, осынау бір ғаламда
Мама, сендей жанды табам ба
Мама, жас алмашы жанарға
 
Мама, мәпелеп мені өсірген
Мама, нәрін емдім төсіңнін 
Мама, бар кінәмді кешірдің сен
 
Қайырмасы:
 
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Панасың, дарасың анашым,
Мама, мынау жарық жалғанда
Мама, сенен асыл жан бар ма?
Мама, сенен әсем ән бар ма?
Жан анашым...






Yorumlar

Нурзада

15 Eylül 2020

ан керемет

GM

Sözü ekledi

31.10.2015
Video
Арай тобы
Анашым