Алтынай Жорабаева Бақытты әйел (0), Şarkı Sözleri

Бақытты әйел Şarkı Sözleri

Алтынай Жорабаева

Бақытты әйел

7
2

Paylaş:



Атадан бүгін бізге жалғасқан қыз- ұлын
Тұнықты шөлдейді аңсайды күн жылуын
Тәңірдің рахымын жасаған Адам ата
Хауа ананың сыйын
Ұрпағына сыйлағын қамқоршы мейірін
Отбасына бөлеген бар ынта пейілін
Сұйген жарыңа адал ортаймасын сезімің
Қиындыққа төзімді
 
Қ-сы:
Гүлдей құлпырған күннен нәр алған
Ұрпақтан ұрпақ таралған
Әлемде бәрі сұлу әйелдің
Бақытты болуы үшін жаралған
Әйелді ай күн жақұтқа теңер
Асыл сыйлап шатыққа бөлер
Жүректің ыстық жылуын бөліп
Сыйлай білсеңіз бақытты әйел
 
Әйелден небір батыр ақын дана туған
Киелі еліне ардақты дара туған
Қара халық, хандарды, барлық пайғамбарларды
Ардақты ана туған
Аяласын деп жаратқан бізге ананы
Өмір неткен жалған кімдерден із қалады
Ертең болашақ ана сондықтан
Ей, жігіттер, сыйлаңдар қыз-баланы
 
Қ-сы: х3
Гүлдей құлпырған күннен нәр алған
Ұрпақтан ұрпақ таралған
Әлемде бәрі сұлу әйелдің
Бақытты болуы үшін жаралған
Әйелді ай күн жақұтқа теңер
Асыл сыйлап шатыққа бөлер
Жүректің ыстық жылуын бөліп
Сыйлай білсеңіз бақытты әйел







Yorumlar

шарапат

08 Haziran 2016

жаксы ан

GM

Sözü ekledi

19.10.2015
Video
Алтынай Жорабаева
Бақытты әйел