Алмас Темірбай ТҮСІМДЕ ТАЛАЙ... (0) Şarkı Sözleri

ТҮСІМДЕ ТАЛАЙ... Şarkı Sözleri

Алмас Темірбай

ТҮСІМДЕ ТАЛАЙ...

0
0

Paylaş:


Түсімде талай самолет көрдім,
Ішінде соның болмадың.
Арманым, бірге ала кетпедің,
Немесе, келіп қонбадың...
 
Түсімде талай кемеге міндім,
Теңіздей терең мұң кештім.
Сиқырладың ба, немене қылдың,
Суреттеріңмен тілдестім?!
 
Түсімде талай сурет те көрдім,
Аралап әлем көрмесін.
Басымнан өткен бейнеттерімнің,
Сезуші едің, сен несін?!
 
Түсімде талай тұлпарға мініп,
Сені іздеп қанша жыл жүрдім.
Айна-сезімді күл-парша қылып,
Тас-жүрегіңмен сындырдың!
 
Түсімде талай өліп-тірілдім,
Бір тамшы жасым ~ теңіз боп.
Кірпіктеріңе келіп тығылдым,
Ояндым, сосын, сені іздеп...
 
Түсімде талай пейішке ендім,
Көрдім де кереметтерін.
Пейіште жүрген періштелердің
Бірін де керек етпедім!
 
Түсімде талай қыздарға бардым,
Болдым-ау, тіпті, үйленбек.
...Өңімде, бірақ, қызғанба, жаным,
Ешкімді сендей сүйгем жоқ...
 
Сүйгем жоқ...
 
Авторы: Алмас ТЕМІРБАЙ
 
www.vk.com/almas.temirbai
www.vk.com/akin_almas_temirbai
АЛМАС ТЕМІРБАЙ






GM

Sözü ekledi

11.06.2016