Алмас Темірбай СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ (0) Şarkı Sözleri

СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ Şarkı Sözleri

Алмас Темірбай

СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

0
0

Paylaş:


Ұмыт бәрін,
Жүрегіңді жүрегім жылытқанын.
Өрт құшады өзегім … еске түссе
Қыз күндегі бейкүнә қылықтарың.
 
Жыламашы,
Шыда, тағдыр осылай сынағасын.
Көрсетпеші күнәсіз көз жасыңды,
Не бар дейсің мен үшін мұнан ащы?!.
 
Сен басқасың,
Өзгеріппіз бүгінде мен басқамын.
(Тақиядай тарылды кең аспаным).
Келіні өзің болсаң деп ем анамның,
Құрысын, сенсіз бүйтіп жер басқаным.
 
Кінәламан,
Сәтсіз ғұмыр бұйырған сірә, маған.
Менің жетім жанымның жарасы ауыр,
Өзіне өз тағдыры ұнамаған.
 
Маған бүгін,
Ең соңғы рет күлімдеп қара, күнім.
Сонсоң… біздер жыламай қоштасайық,
Бастамайық тағы да жаман ырым…
 






GM

Sözü ekledi

28.10.2015