Жібек екенсің Şarkı Sözleri

Алихан Дүйсенбай

2017

4
0

Paylaş:



Күлкіңмен жанды баураған едің
Мақпал мінезбен жаулаған едің
Арман əнімді арнаған едім
Ақ періштеден бір сен аумаған едің
Қайырмасы:
Жүрек ішінде жүреді екенсің
Сезесіңбе сен білемекенсің
Басқа біреудің тілегі екенсің
Төлегені бар Жібек екенсің
Төлегені бар Жібек екенсің
Түндегі жарық шамдаисың жаным
Қолыма бірақ қонбайсың жаным
Саусағыңдағы жақұт жүзіктей
Бақытты мəңгі болғайсың жаным
Қайырмасы:3рет
Жүрек ішінде жүреді екенсің
Сезесіңбе сен білемекенсің
Басқа біреудің тілегі екенсің
Төлегені бар Жібек екенсің
Төлегені бар Жібек екенсің
Алихан Дүйсенбай, Жібек екенсің Şarkı Sözleri, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Metini düzeltti

18.01.2018
Kullanıcılar