Айқын Төлепберген Ең алғашқы (2020), Şarkı Sözleri

Ең алғашқы Şarkı Sözleri

Айқын Төлепберген

Ең алғашқы

12
0

Paylaş:



Аяулы гүл ме едің
Жоқ жұмбақ жыр ма едің
Сырымды білмедің сен маралым-ай
Майысып жүргенің
Еркелеп күлгенің
Бәрі де бір менің жан қалауымдай
 
Жаныма беттеші
Байқамай өтпеші
Сезімді кетпеші сен бағаламай
Құралай мүсіндім
Барынды түсіндім
Әнімді ұшырдым мен шағаладай
 
[Қайырмасы]
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
 
Жолыға қалдың да
Жұлдыз боп жандың ба?
Сезіне алдың ба бір сағынышты
Ерекше еркіңе
Махаббат дертіне
Болдым ғой көркіңе мен бағынышты
 
Әнім боп самғашы
Самғашы талмашы
Тек маған арнашы бар тілегіңді
Үмітті жалғашы
Адасып қалмашы
Жоғалтып алмашы сен жүрегімді
 
[Қайырмасы]
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным
Ең алғашқы өзіңсің ақ таңым, тәтті әнім
Ең алғашқы сезімсің бақыт деп тапқаным






Yorumlar

зауреш

01 Ağustos 2016

калдыру

зауреш

01 Ağustos 2016

унайды

зауреш

01 Ağustos 2016

басып алу. осы оленди

Ердо Жумабай

30 Ekim 2016

jaksy olen

Ainur Kana

02 Haziran 2017

жаным Айкын керемет

Ержан Ахметов

01 Mart 2018

лайк

Admin

Metini düzeltti

13.10.2020
Kullanıcılar

GM