Сен үшін Айдар Әміреев

2017

0
0

Paylaş:




Şarkı Sözleri



Асылым менің аяулы айым
Ляззат аламын қараған сайын
Жүрегім менің сен үшін соғып
Сен үшін ғана тоқтауға дайын
Жүрегім менің сен үшін соғып
Сен үшін ғана тоқтауға дайын

Қайырмасы:
Бүкіл əлем құлпырады сен үшін
Əн салады бұлбұлдары сен үшін
Жүрегіме жыр тұнады сен үшін
Сен үшін бəрі сен үшін
Сен үшін қиялдарға самғадым мен сен үшін
Өмірімді арнадым мен сен үшін
Сен үшін жаным сен үшін

Сен үшін самал есіп жатқандай
Сен үшін бұлттар көшіп жатқандай
Жұлдыздар көкте сен үшін жанып
Сен үшін ғана өшіп жатқандай
Жұлдыздар көкте сен үшін жанып
Сен үшін ғана өшіп жатқандай

Қайырмасы:
Бүкіл əлем құлпырады сен үшін
Əн салады бұлбұлдары сен үшін
Жүрегіме жыр тұнады сен үшін
Сен үшін бəрі сен үшін
Сен үшін қиялдарға самғадым мен сен үшін
Өмірімді арнадым мен сен үшін

Сен үшін тірлік таңы атқандай
Гүл сезім бүршік жарып жатқандай
Көңілде əнім мөлдір бұлақ боп
Сен үшін ғана ағып жатқандай
Көңілде əнім мөлдір бұлақ боп
Сен үшін ғана ағып жатқандай

Қайырмасы:
Бүкіл əлем құлпырады сен үшін
Əн салады бұлбұлдары сен үшін
Жүрегіме жыр тұнады сен үшін
Сен үшін бəрі сен үшін
Сен үшін қиялдарға самғадым мен сен үшін
Өмірімді арнадым мен сен үшін





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Ekledi

30.12.2016