Айбек Салдатбек Тәуелсіздік (0) Şarkı Sözleri

Тәуелсіздік Şarkı Sözleri

Айбек Салдатбек

0
0

Paylaş:


Тәуелді едік, патшалы Ресейге
Талай қазақ, өлген еді Ресейде,
Сол кедері аталарым болмағанда,
Дос боларма ек, қазірде Ресеймен?
Әрине бәрі, бабалардың тер мен қаны,
Отаны қымбат, оларға емес жаны,
Міне осы бабалардың арқасында,
91-де азаттықтың атты таңы.
Ақшасы өз елінен қымбат болған,
Жастар көп, өзгелерді тыңдап қалған,
Абайдың бас киімі тегін өтпей,
Еш артығы жоқ боп тұр құрғақ наннан.
Отаным деп зар жүгірер адам қайсы?
Қу тірлікке не үшін аландайсың?
Ақшаң көп, тек елінді сүйе алмасаң,
Ешқашан да, дәулетті адам бола алмайсың
Орысшада сөйлейді жарты халық,
Қазақ халқы кеткенбе жартыланып?
Біреулер жүр, елден кетіп орала алмай,
Мойнына, ауыр жүкті артып алып.
Бабаларды аямайды, тіпті-ұрып
Қиналыпты «Оян қазақ» деп тұрып,
Сол қайғыны, қазіргі кезде айтқанда,
Тыңдайды ғой кейбіреулер тек күліп.
Айналаға адамдық көзбен қарайық,
Аузымызға «Отан» сөзін алайық,
Бабамнан қалған мұра ол - Тәуелсіздік,
Сол мұраны, мәңгі сақтап қалайық!






Admin

Sözü ekledi

15.01.2017