Ахмет Байтұрсынұлы Замандастарыма (0) Şarkı Sözleri

Замандастарыма Şarkı Sözleri

Ахмет Байтұрсынұлы

0
0

Paylaş:


Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күн қайда үздік шығар топты жарып.
Ат турмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,
Естілсе құлағына дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып өндіре ме,
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып






GM

Sözü ekledi

26.08.2016