Ахмет Байтұрсынұлы И. Б. жездем хатынан (0) Şarkı Sözleri

И. Б. жездем хатынан Şarkı Sözleri

Ахмет Байтұрсынұлы

0
0

Paylaş:


Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Милләт үшін бегірек.
һәманда сақтан,
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
Милләтке қызмет,
Жұмлаңе міндет.
Ұйқыны аш дер ек,
Надандықтан қаш дер ек.
Болмайды үндеп,
Дұшпан тұр күндеп,
Бізде бұл бір індет.

Әр сөзің алтын,
Ұғар ма екен халқың.
Сынаған да шығарсың,
Милләттің қалпын.
Тіл алмас деп қорқамын,
Дер едім тартын...






GM

Sözü ekledi

26.08.2016