Әбдіжаппар Әлқожа Жамалымсың (ft. Саят Медеуов) (2017), Şarkı Sözleri

Жамалымсың (ft. Саят Медеуов) Şarkı Sözleri

Әбдіжаппар Әлқожа

2017

31
1

Paylaş:



Қарақат көзді қарағым

Аймалап ескен самалың

Шарлатқан шаттық аралын

Маралымсың

Қайырмасы:

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еңселген ойдан арылып

Нұрыңды әркез сағынып

Заңына қалдым бағынып

Махаббаттың

Қайырмасы:

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Жаныма жаққан дерт едің

Сенімсіз сенсіз ертеңім

Гүл қызы өзің өлкенің

Түсімдегі

Қайырмасы:

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мен

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені






Yorumlar

Асылан Магзумов

20 Kasım 2017

Өте тамаша

Aslan Davletov

01 Nisan 2019

күшті ән! жалпы app. супер! жарайсыңдар.

Алмаз Султанов

Metini düzeltti

27.01.2020