Таңғы елес Şarkı Sözleri

Абай Бегей

2017

14
2

Paylaş:



Алдасаң да, арбасаң да,
Қолдасаң да, қорғасаң да.
Тым болмаса бір көрінші,
Ақ періштем анда-санда.
Сендей кімді ұнатайын,
Тыңдағанды жылатайын.
Тым болмаса бір көрінші,
Жүрегімді жұбатайын.
 
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес.
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес.
 
Кірпігіңе тұнғандайын,
Тұмарымнан нұрланды айым.
Тым болмаса бір көрінші,
Көзімді ашып жұмғандайын.
Бақытымнан мұң жасадың,
Үмітімнен құм жасадың.
Бір көрінші саған арнап,
Жүрегімнен гүл жасадым.
 
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес.
Таңғы елес, таңғы елес,
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес. (3х)
Абай Бегей, Таңғы елес Şarkı Sözleri, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Yorumlar

Даулет

25 Eylül 2017

bgggggggggg

Рахым Калабаев

02 Ekim 2017

жаксы

20.09.2017
Kullanıcılar