Әнім сен едің Şarkı Sözleri

Абай Бегей

2017

8
0

Paylaş:



Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен,
Бақыт көріп ем қара көзіңнен.
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың,
Жібін үздің ғой нәзік үміттің.


Әнім сен едің кеште салатын,
Содан жас жаным ләззат алатын.
Шамын басқа үйдің жақтың аяулым,
Сендей бақытты қайдан табайын.
Шамын басқа үйдің жақтың аяулым,
Сендей бақытты қайдан табайын.


Бақтар гүлдеді біздің қырдағы,
Жаңбыр жауды да,көктем жырлады.
Тұрып қасыңда көрдім көктемді,
Өткен күндерден бүгін жоқ белгі.
Тұрып қасыңда көрдім көктемді,
Өткен күндерден бүгін жоқ белгі.


Тағы келді ғой, құстар ән салып,
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып.
Сенсіз атты таң, сенсіз батты күн,
Мәңгі ұмыттың мені шаттығым.
Сенсіз атты таң, сенсіз батты күн,
Мәңгі ұмыттың мені шаттығым.
Абай Бегей, Әнім сен едің Şarkı Sözleri, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Metini düzeltti

10.04.2017
Kullanıcılar