Қошалақ текст песни

Жұмекен Нәжімеденов

0
0

Поделиться:


Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын, өзіңмін:
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!

Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді аласамын тап-тайпақ,
Сен секілді, таласамын — биікпін!

Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен "өңдемек".
Дәл өзіндей қарапайым болам мен,
дәл өзіндей!
Маған, сірә, сол керек!
Жұмекен Нәжімеденов, Жумекен Нажимеденов, Қошалақ, Кошалак текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016