Сенбісің Қыз Жібегім? текст песни

Жұмағұл Қыдыралиев

Сенбісің Қыз Жібегім?

0
0

Поделиться:


Қалқам, неткен ғажайып көркем едің,
Есімді алып еліктей еркеледің.
Ойың болса басқада - әурелеме,
Жанарыңмен жүректі өртемегін.


Қайырмасы:
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!


Ынтықсам да күндіз-түн ажарыңа,
Ілінбей-ақ қойдым-ау назарыңа.
Сонда-дағы, қайтейін, көніп жүрмін,
Махаббаттың азабы-мазағына.


Қайырмасы:
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!

Жұмағұл Қыдыралиев
Жұмағұл Қыдыралиев, Жумагул Кыдыралиев, Сенбісің Қыз Жібегім?, Сенбисин Кыз Жибегим? текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015