Қызғалдақ теріп жүрмісің? текст песни

Жұмағұл Қыдыралиев

Қызғалдақ теріп жүрмісің?

0
0

Поделиться:


Әрдайым сені ойлаумен жүремін мен,
Бір әуен бұлқынады жүрегімнен.
Аялап мені сағыныш сазы,
Келемін іздеп, қайдасың жазым?


Қайырмасы:
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді.


Қыр гүлі боянғанда жалын нұрға,
Аяулым, айтшы, мені сағындың ба?
Жанарың тұнып бір сұлу сырға,
Қызғалдақ теріп жүрмісің қырда?


Қайырмасы:
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді


Жанарың мөлдіреген теңіздейін,
Жан гүлім, жасыл бағым, сені іздеймін.
Жас дәурен жыры – махаббат әнін,
Арнадым саған, тыңдашы жаным.


Қайырмасы:
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді

Жұмағұл Қыдыралиев
Жұмағұл Қыдыралиев, Жумагул Кыдыралиев, Қызғалдақ теріп жүрмісің?, Кызгалдак терип журмисин? текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015