Қалқам, неткен ғажайып көркем едің текст песни

Жұмағұл Қыдыралиев

Қалқам, неткен ғажайып көркем едің

0
0

Поделиться:


Қалқам, неткен ғажайып көркем едің,
Есімді алып еліктей еркеледің.
Ойың болса басқада - әурелеме,
Жанарыңмен жүректі өртемегін.


Қайырмасы:
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!


Ынтықсам да күндіз-түн ажарыңа,
Ілінбей-ақ қойдым-ау назарыңа.
Сонда-дағы, қайтейін, көніп жүрмін,
Махаббаттың азабы-мазағына.


Қайырмасы:
Баянбысың, Жібекпісің?
Қалықтаттың, қалқажан,
Жүрек құсын,
Құлап түстім!
Аққудай көл бетінде,
Ынтықпын келбетіңе.
Кім екен іздегенің?
Болайын Төлегенің,
Қыз Жібегім!

Жұмағұл Қыдыралиев
Жұмағұл Қыдыралиев, Жумагул Кыдыралиев, Қалқам, неткен ғажайып көркем едің, Калкам, неткен гажайып коркем един текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015