Жұбаныш Жексенұлы & Елена Әбдіхалықова Есіңе мені алғайсың (2019) текст песни

Есіңе мені алғайсың текст песни

Жұбаныш Жексенұлы , Елена Әбдіхалықова

Есіңе мені алғайсың

0
0

Поделиться:


Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
 
Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Оңаша жалғыз калганда
Есіңе мені алғайсың
 
Арманда жаным арманда
Жок деген сөзге алданба
Есіңе мені алғайсың
 
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың






Admin

Отредактировал текст

12.03.2019
Пользователи