Есіңе мені алғайсың текст песни

Жұбаныш Жексенұлы

Есіңе мені алғайсың

12
0

Поделиться:



Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.
 
Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда.
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың.
Арманда жаным арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың.
 
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.
Жапырақ жайрап жатқанда
Қyрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.
 
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың.
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың.
Жұбаныш Жексенұлы, Жубаныш Жексенулы, Есіңе мені алғайсың, Есине мени алгайсын mp3 скачать, слушать, текст песни, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Мұқағали

Отредактировал текст

24.01.2018
Пользователи

GM