Шүкір текст песни

Жұбаныш Жексенұлы

2017

1
0

Поделиться:



Түндерде көзімді арбаған,
Үндерге, сезімге алданам.
Қуаныш та, қайғы да,
Маған құшақ жайды да,
Тірлікте осы бар ма мән?!

Бір күн – шаттық, бірі – мұң,
Бір сезім –түнек, бірі – күн.
Жанары ғашық жалғанға
Жұмбақ бір жанның бірімін.

қайырмасы:
Шүкір, шүкір бәрі, Жартқанға,
Лүпіл жүрегімнен таратқанға.
Іздер үзіліп күн сабақтардан,
Біздер жазылмаған парақтарда.

Жазам деп өшпес отты өлең,
Қол создым талай көкке мен.
Көздерімде мөлт еткен,
Кеудемді мың өртеткен,
Армандар қанша жетпеген?!

Көрмеген келер таңдар да,
Шықпаған биік заңғар да.
Арманым қалсын қол бұлғап
Арманшыл асыл жандарға.

қайырмасы:
Шүкір, шүкір бәрі, Жартқанға,
Лүпіл жүрегімнен таратқанға.
Іздер үзіліп күн сабақтардан,
Біздер жазылмаған парақтарда.


Бір күн – шаттық, бірі – мұң,
Бір сезім –түнек, бірі – күн.
Жанары ғашық жалғанға
Жұмбақ бір жанның бірімін.
Көрмеген келер таңдар да,
Шықпаған биік заңғар да.
Арманым қалсын қол бұлғап
Арманшыл асыл жандарға.



Жұбаныш Жексенұлы, Жубаныш Жексенулы, Шүкір, Шукир mp3 скачать, слушать, текст песни, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Абзад Қалиболла

23 Июня 2017

Оленi жаксы бирак ,TYРЛЕРi унамайд

Майя Аубакирова

Отредактировал текст

16.04.2019