Туған жер текст песни

Жігіттер квартеті

Туған жер

5
0

Поделиться:



Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!


Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!


Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!


Қайырмасы:
Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!



Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Жігіттер квартеті
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Туған жер, Туган жер mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Бауырxан

23 Ноября 2018

Туған жер

GM

Добавил текст

28.10.2015