Сен үшін текст песни

Жігіттер квартеті

Сен үшін

3
1

Поделиться:



Сен шоқ болсаң мен от болып маздаймын
Көктем болсаң жадыраған жаздаймын
Сен әрдайым бірге жүрсең жанымда
Бақ күнім ол, шаттығы мол аз қайғы
 
Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем
 
Бұлақ болсаң мен өзен боп шалқимын
Сұнқар болсаң қыраның боп қалқимын
Айым болсаң күнім болсаң қашанда
Ақ нұрыңа пәк ңұрыңа балқимын
 
Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің
Осы әнім жаным, бағым сен үшін
 
Сен шың болсаң басындағы шынармын
Нәріңменен мәңгі көктеп тұрармын
Қамықпашы, жабықпашы мендей сен
Ондай шақта бұлынғырмын, мұнармын
 
Гүлім болсаң самалың боп тербетем
Күнім болсаң шырқау көкке өрлетем
Сен болмасаң өзге жанға аяулым
Осышама өз еркімді бермес ем
Бәрі де сен үшін, бақыттың кенісің
Осы әнім жаным, бағым сен үшін
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Сен үшін, Сен ушин mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

23.10.2015