Құстар әні текст песни

Жігіттер квартеті

Құстар әні

1
0

Поделиться:



Жабырқап бақтар жатқанда
Жапырақ жерді жапқанда
Қиялмай құстар мекенін
Қайтуда жылы жақтарға
 
Шуағын іздеп шалғайдың
Ұясын тастау қандай мұң
Жүрегім аяп соларды
Соңына қарап толғандым
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Ызғарын келіп төккенде
Бөгелмей өзен өткелге
Кетер-ем самғап солармен
Қайтейін қанат жоқ менде
 
Керегін таппай кең жерден
Аспанда қалқып тербелген
Шуаққа құмар достарым
Тағдырым ортақ сендермен
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жабырқап бақтар жатқанда
Жапырақ жерді жапқанда
Қиялмай құстар мекенін
Қайтуда жылы жақтарға
 
Ксы
 
Қалдырып туған даланы
Қанатын құстар қағады
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы
 
Жылуын аңсап күнімнің
Меніңде жаным жаралы 
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Құстар әні, Кустар ани mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

23.10.2015