Құс қайтты Алматыма текст песни

Жігіттер квартеті

Құс қайтты Алматыма

3
0

Поделиться:



Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып оралды Алматыма.
Ән толды аспанға, құс қонды жас талға.
Бақыт кеп қол алғандай.
Құстарды мен тостым, айғайлап ән қостым,
Арманым оралғандай,
Қуандым жарқылдап, мәз болдым ән тыңдап,
Құшақтап арманымды.

қайырмасы:
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды, ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым, оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Сағыныш сәлемі, құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.

Келеді аспанда құстар қайтып,
Сағыныш арманын ән ғып айтып.
Алатау, қабылда, орашы сағымға,
Бақыт деп маған келген.
Саған кеп қонатын, сыйпашы қанатын,
Көктемгі майда желмен.
Көліңде ойнасын, бақытын тойласын,
Келді ғой туған жерге!

қайырмасы:
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды, ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым, оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Сағыныш сәлемі, құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Құс қайтты Алматыма, Кус кайтты Алматыма mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

30.10.2015