Ерке қыз текст песни

Жігіттер квартеті

Ерке қыз

5
0

Поделиться:



Бірімізге келіппіз
Бір көруге жерікпіз
Еліктеуші ек елік қыз
Назың гүлдегі
 
Сынығындай иненің
Жабырқаулы күйдемін
Сені сонша сүйгенім
Жазығым бе еді?
Сен мен үшін армансың
Жанды жаулап алғансың
Арманым боп қалғансың
Ерік өзіңдей
Елігіндей ерке қыз
Жанымыздың дерті егіз
Еркелеппіз ерте біз
Елік сезімге
 
Айналасың мүсіндеп
Алаулы оттың ішінде
Тыным берші түсімде
Тым құрығанда
Өртенгенде от қайғы
Жаным сені жоқтайды
Сенсіз зауқым соқпайды
Түнгі думанға
 
Өтер қайғы, өтерсің
Ұмыта алмайды екенсің
Шертіп мәнгі өтерсің
Күйін басқаның
Қайырлатпай қаяу мұң
Бағыңды тап баянды
Қош бол менің аяулы
Бұйырмас бағым
 
Сен мен үшін армансың
Жанды жаулап алғансың
Арманып боп қалғансың
Ерік өзіңдей
Елігіндей ерке қыз
Жанымыздың дерті егіз
Еркелеппіз ерте біз
Елік сезімге
 
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Ерке қыз, Ерке кыз mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Отредактировал текст

16.02.2019
Пользователи

GM