Асыл арман текст песни

Жігіттер квартеті

Асыл арман

1
0

Поделиться:



Арманым ақ сәулелі күнімбісің,
Әлде бір алаулаған гүлімбісің.
Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым айтарым көп саған менің.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің
құдіретіңе түсінбедім.
 
Арманым құздан құлар бұлақпысың,
Әлде бір күлімдеген шырақпысың.
Әлде бір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Арманым жүрегімнің жыры ма едің,
Жас ару жанарының нұры ма едің.
Әлде бір сазы ма едің домбырамның,
Қиялды асқар шыңға қондыратын.
Кайырмасы
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Асыл арман, Асыл арман mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

01.01.2016
Видеоклип
Жігіттер квартеті
Асыл арман