Анаға тілек текст песни

Жігіттер квартеті

Анаға тілек

1
0

Поделиться:



Ана сенің жүрегіңдей жоқ жүрек,
Жүресің ғой балаң үшін елжіреп.
Жаның салып, барын салып қорғайсың,
Кетпесін деп мен сүрініп, мен жүдеп.
 
Қайырмасы:
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.
 
Ана сенің тілегіңдей жоқ тілек,
Өкінбейсің өмірім бос өтті деп.
Мақтан етіп отырасың қашанда,
Жүрмесемде, жүргендей-ақ көк тіреп.
 
Қайырмасы:
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.
 
Ана сенің қасиетіңнің бәрі асыл,
Көкірегімде шырақ болып жанасың.
Дүниедегі барлық ана ардақты
Бақытына жетелеген баласын.
 
Қайырмасы:
Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ,
Бойыңдағы қасиетіңді бердің көп.
Бар әлемді әлдилегем дейсің сен,
Отырғанда сәбиіңді әлдилеп.
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Анаға тілек, Анага тилек mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

21.10.2015