Ана туралы жыр текст песни

Жігіттер квартеті

Ана туралы жыр

8
0

Поделиться:



 
 
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
 
 
Қайырмасы:
 
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
 
 
Өтеуге борышым
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын,
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
 
 
Қайырмасы:
 
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
 
 
Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім,
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.


жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Ана туралы жыр, Ана туралы жыр mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Қонақ

02 Марта 2016

Билмеймин енди

Нусупов Ернар

Отредактировал текст

17.11.2019
Пользователи

GM