Поделиться:




Текст песни



Бөлек-бөлек өткізген соң уақытты
Сұрақтарға толы болып тұр әр қадам
Біздер мәңгі болу үшін бақытты
Махаббатты бастау керек қайтадан

Қайырмасы:
Болмайды олай, болмайды олай
Айтуға оңай ауызбен
Өмір сүргім келмейді олай
Махаббатқа қарызбен

Біздер өмір сүрмеген соң үмітпен
Қосылмаған қос ғашық боп қалайық
Өткен күнге қарай берсек күдікпен
Біз оданша қосылмай-ақ қояйық

Қайырмасы:
Болмайды олай, болмайды олай
Айтуға оңай ауызбен
Менің жүргім келмейді олай
Ар-ұятқа арызбен

Қайырмасы:
Болмайды олай, болмайды олай
Айтуға оңай ауызбен
Өмір сүргім келмейді олай
Махаббатқа қарызбен

Сен болмасаң жүрек мүлде соқпайды
Мүмкін менен құтыларсың сен солай
Сен болмасаң жүрек менде тоқтайды
Сен де менен құтыларсың осылай

Қайырмасы:
Болмайды олай, болмайды олай
Айтуға оңай ауызбен
Өмір сүргім келмейді олай
Махаббатқа қарызбен

Қайырмасы:
Болмайды олай, болмайды олай
Айтуға оңай ауызбен
Менің жүргім келмейді олай
Ар-ұятқа арызбен
Өмір сүргім келмейді олай
Махаббатқа қарызбен



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Комментарии
Жора Канатов
20 Октября 2018

не деген омир болмаиды булаи караимын саган караи

Ермек
20 Октября 2018

оте керемет ан

Асель Ерназарова
29 Октября 2018

Назик ан екен

Добавлено

20.10.2018