Бір қателік тапты ма екен құрбаның? текст песни

Жанғали Набиуллин

0
0

Поделиться:


Бір қателік тапты ма екен құрбаның?
Кімге қажет аз күн сайран құрғаны?
Сергек әлем бүгін неге сенбейді?
Көрмей ме жұрт қыздың жылап тұрғанын?
Осы жерге сүйреп жеткен құр жанын
Көрмей ме жұрт қыздың жылап тұрғанын?
Дүниенің мұнша қатал екенін
Кештеу білді нұрға лайық Нұрғаным.
Білді-дағы, кідіріп сәл ойланды,
Өткендер мен кеткендерді ойға алды.
Әдіра боп қалды құрғақ уәделер,
Әдіра боп жасалмаған той қалды.
Білсе керек ішке бүгіп сырларын,
Басқан сайын бағып жүрген мұң барын,
Өмірдің де бұл соңы емес екенін
Түсінді әбден нұрға лайық Нұрғаным.
Аман жүрсе жұққан өсек-жаладан,
Күн де келер қыз-ғұмырға балаған.
Сол Нұрғаным көп ойланып, ақыры
Бар қайраты жиып алды жаңадан.
Өміріні тез ұмытып ақпанын,
Жақсы болды бір жұбаныш тапқаны.
Көрді жұрт та жылаған қыз жаңағы
Көшеде енді күліп бара жатқанын.
Жанғали Набиуллин, Жангали Набиуллин, Бір қателік тапты ма екен құрбаның?, Бир кателик тапты ма екен курбанын? текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016