Сәбиге - ана, сүйгеніңе - жарысың.
Ұлы елдің ұрпақтарын жалғаған
Ұмай, Зере, Тоғжандардың қанысың.
Әулетіңнің гүлге оранған бағысың,
Ата-анаңның әлпештеген жанысың,
Инабатты, иманды еді өткендер,
Ал, бүгінде қайда, құрбым, намысың?
Қазақ қызы - ұлт рухының айнасы,
Жақсы ғана атағымен жайнасын,
Ар-ожданның биік ұстар жалауын,
Қайран, қазақ арулары, қайдасың?
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
И.И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының
9 сынып оқушысы: Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы Жанеля Қадырқұлова, Жанеля Кадыркулова, Құрбыларға, Курбыларга текст песни, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store