Қазақпыз ғой 3 текст песни

Жан Ахмадиев

Қазақпыз ғой 3

4
0

Поделиться:


Еееее!!!
Қазақтар!!!
Бір-бірімізді аяқтан шалып, құлатқанды,
Жетімдерді жылатқанды,
Тоқтатайық!!!
ҚАЗАҚ өзімізден басқа кімге керееек!!!!???!!!

Тыңда мені, шірік басқан парақоршы шенеунік,
Не істедің сен қазақ үшін аз да болса демеу ғып.
Сендер берген уəделерді күтеміз деп көгердік,
Қазақтарды қорладыңдар жерге таптап, төмен ғып.

Сайланарда сайрайсыңдар сақалы бар мұсылмандай,
Шіренесің халық сені осы орынға ұсынғандай.
Айтшы маған... қазақ үшін жасап жатқан ісің қандай?!
Жауап жоқ па?! Демал онда, жүрсің əлі ұйқың қанбай!!!

Қазақтарды адам емес, төрт аяқты мал көресің,
Ақша менен билік үшін итше талап, жан бересің.
Мансап үшін жат елдіктің жатырына жатып алмай,
Көтерсеңші қазақтардың құлап қалған мəртебесін.

Қанша қазақ қырылуда сендейлердің кесірінен,
Қазақпыз ғой түсінеміз, жалықпаймыз кешіруден.
Қазақсың ғой тыңдап өскен қарияның өсиетін,
Олай болса, қайда кетті қазақ мінез қасиетің?!

Бастықпын деп бас ұрасың, көсілесің, керілесің,
Кедейлерден тартып алып, той-думанда төгілесің
Қазағым жүр кредит алып, жыртығына жамау таппай,
Қарғыс атса көп ұзамай əлі де сен жеңілерсің!!!

Тек қазаққа тиесілі мұнайды да тауыстыңдар,
Əкең берген дүниедей оны сатып жарыстыңдар.
Шенеуніктер тонай берсе, елімізден не қалады?!
Жауап жалғыз, сол баяғы жазықсыздар қамалады.

Тыңда мені қарындасым! Жалынамын жаңылмашы!
Клубтарда қаңғып жүріп, сергелдеңге салынбашы.
Ата-анаңды аясаңшы, саған артқан сенімдерін
Жүрсің міне, астындағы көпшігі боп көрінгеннің.

Ей, сорлы қыз қалаға кеп, жын қуғанды сəн деп пе едің,
Есіңде ме ауылыңда 'Қамажайды' əндеткенің...
Аяқ асты Алматының аруы боп шыға келдің,
Қасыңдағы қандасың мен бауырыңды 'мамбет' дедің!

Махаббатты ұмыттыңдар, дүниеге қызықтыңдар!
Сендер үшін сүйікті емес, 'тоқал' болу қызықтырақ.
Ақша үшін арын сатқан, теңге үшін тəнін сатқан,
Арулардың адасқанын менен басқа кім ұқтырат!!!

Қазақ қызы қазанды емес, темекіні будақтатты,
Дəл осылай бар қазаққа шашыратты сұр батпақты
Бұл заманда еркек емес, жас арулар төбелесті,
Жігіт үшін тісін қайрап, батырлардай ерегесті.

Айтшы маған! Осындай ма қазағымның келіндері?!
Кеудесі ашық, сары шашты, селиконнан еріндері.
Айтайын мен қарындастар, бұлай байға тие алмассың,
Кімге керек қатынының құбыжықтай көрінгені.

Шыны керек, көбеюде бала сатқан аналар,
Бүйте берсек қазағым-ау ұлтымыздан не қалар?!
Кейбіреулер нəрестені тастап жатыр қоқысқа,
Мұндайларды біздер емес, АЛЛА өзі жазалар!

Ей, безбүйрек айтшы маған, сəби саған не істеді?!
Күнəсі оның сендей малдың жатырында өскені,
Сен сияқты сасықтарға бұл өмірде орын жоқ.
Қатігезде болмайды ғой сенім тұрмақ сескену.

Бала сенің бауыр етің жол ашатын жұмаққа,
Жауап берші қарындасым жалғыз ғана сұраққа...
Анаң сені дəл осылай тастап кетсе не істер ең?!
Жауап жалғыз, жүрер едің 'қайғы' деген тұзақта!

Тыңда қазақ бауырым! Ішіндегі тəуірім,
Ойланбасаң дəл қазір, өтіп кетер дəуірің.
Ағаларға жүгінесің жүрмей жатса əмірің,
Есте болсын братан емес, АЛЛА сенің тəңірің.

Мақтанасың мініп алып, əкең алған көлікті,
Жануардай ысқырасың аруларға көрікті.
Есте болсын, сұлулар да сен білгендей жынды емес,
Не істейді олар тірі жүрген арамтамақ өлікті.

Жолда жүріп, көлік айдап, арақ ішіп тірелесің,
Бандитпін деп жар саласың, əлсіздерге шіренесің.
Өстіп жүріп ерке бала опасызда өліп қалма,
Кімге керек сенің қайғың, қалады тек бір елесің.

Ойлан досым! Ойласаңшы ата-анаңның жағдайын,
Олар саған қорған болды, қамқор болды əрдайым.
Намыс қайда?! Құрмет қайда?! Əке менен шешеңе,
Ең болмаса сыйласаңшы ақ шаш түскен .
Жан Ахмадиев, Жан Ахмадиев, Қазақпыз ғой 3, Казакпыз гой 3 текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

азамат

12 Апреля 2016

жаксы

айжан

02 Мая 2016

нагыз осындай потриоттык ан молодец

өте жақсы

18 Сентебря 2016

давай

GM

Добавил текст

01.11.2015
Видеоклип
Жан Ахмадиев
Қазақпыз ғой 3