Таппаспын сендей салақты текст песни

Жамбыл Жабаев

0
0

Поделиться:


Атаң сенің Таңат-ты,
Жұртты аузына қаратты.
Мені үйіңе шақырып,
Алып кепсің арақты.
Қарасаңшы, шіркін-ай,
Жырым-жырым балақты.
- Тарғап, Самсы ауылынан
Таппаспын сендей салақты.
Сарнасын ақын, сарнасын,
Төреге сөзін арнасын.
Тыңдамаса ол төре,
Халық тыңдар жалғасын.
Жарлыға қорлық көрсетіп,
Әуреге бай салмасын.
Түн қараңғы дүниенің
Ататұғын таңы бар.
Қараңғының шырағы -
Жанатұғын шамы бар.
Дүниенің тұрағы -
Тағдырдың өлшеу сынағы,
Өркендейтін заңы бар.
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Таппаспын сендей салақты, Таппаспын сендей салакты текст песни, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016