Әке арманы текст песни

Жақау ft. Диди

Әке арманы

1
0

Поделиться:


Жақау:

Альхамдулиллах мен бақытты әкемін
Менің нәрестелерім ізбасар ертеңім
Соңымнан ертемін айтып тәтті ақылымды
Жеті жылдың ішінде таптым тәтті жақынымды
Нұркелдім, артамын саған сенім
Біртуар ұлына айналар деп осы елдің
Фатима, келші бері қызым менің
Салихалы бұл есім бір бақытың сенің
Аиша, бұл есімі ізгі ананың
Салихалы амал жасап разы қылшы бір Алланы
Асия, тербетейін бесігіңді
Асиядай мәртебелі болсын деп қойдым есіміңді
Раббым жаппа есігімді, жаудыра гөр несібеңді
Менің нәрестелерімді танып білсін, көрсін енді
Дүйім жұртым, мақтан етсін қазақ ұлтым
Менің нәрестелерім - ай күнім,жұлдыз,бұлтым!

Қайырмасы:

Тым тәтті сенің бал тілің
Бар әлемде жоқ алтыным
Былдырлаған тәтті үніңе
Бойым жібіп балқыдым

Данияр:

Ин ша Аллах болашақта болам әке
Тербетеді анаң бесігіңді әсем әнге
Іңгәлаған тәтті дауыс бәрімізге сыйлар күлкі
Қандай бақыт, армандаймын осы күнді
Атаң қояр есіміңді, берер саған ақ батасын
Елге сыйлы азамат бол, ұзақ болсын ғұмыр жасың!
Әжең сені еркелетер, ұйықтарда ерте келер
Бетіңнен сүйіп, айтар саған ертегілер
Тәй-тәй басып ер жетерсің мейлі қыз, мейлі ұл ма
Қандай жол таңдайсың, боларсың қандай тұлға
Мұғалім, әлде ақ халатты дәрігер ме
Әкең сияқты музыкант,әлде қәсіпкер ме
Бәлкім болар мекенсің елге сыйлы әкім
Ия, бұл да бір арман Алла берсін сәтін
Қолымда гүлдер перзентхана алдындамын
Терезеде жан-жарым, МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН,ЖАНЫМ!
Жақау ft. Диди, Жакау ft. Диди, Әке арманы, Аке арманы текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

14.02.2016