Сүйемін текст песни

Заман тобы

Сүйемін

2
0

Поделиться:



Қайтейін сол бір сезімді?
Жан тербеп жүрек еліткен.
Қимаймын мөлдір көзіңді,
Япыр-ай неткен көрікті ең.
Сағындым сиқыр сөзіңді,
Көктемдей көп мұз еріткен.
Жайнаған жаздай кезіңді,
Қалай сен қидың? Неліктен?

Үміттің сөнбес шырағы,
Өзіңсің арман тілегім.
Көңілдің тербеп жыр-әні,
Соғады сен деп жүрегім.
Тағдырдың сан мың сынағы,
Сағынып өмір сүремін.
Жанымның жалғыз ұраны,
Сүйемін сені сүйемін.

Сарқылмай сезім бұлағы,
Шарқ ұрып тулап ағады.
Табылмай төзім тұрағы,
Тартылып қурап барады.
Көкейдің мұңды сұрағы,
Еріксіз билер сананы.
Жырақтап көңіл сынады,
Өзегім от боп жанады.

Үміттің сөнбес шырағы,
Өзіңсің арман тілегім.
Көңілдің тербеп жыр-әні,
Соғады сен деп жүрегім.
Тағдырдың сан мың сынағы,
Сағынып өмір сүремін.
Жанымның жалғыз ұраны,
Сүйемін сені сүйемін.
Заман тобы, Заман тобы, Сүйемін, Суйемин mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Отредактировал текст

01.07.2018
Пользователи

GM