Notice: Undefined index: year in /var/www/html/httpdocs/app/controllers/track.php on line 410
Ұзақбаев Бағдаулет Халық қасиеті () mp3 скачать слушать, текст песни

Халық қасиеті текст песни

Ұзақбаев Бағдаулет

0
0

Поделиться:



Халық қасиеті

Дінімізді ұмытпайық
Тілімізді жаттайық
Ата - баба аруағына
Өмір сүрсек біз лайық
Жүргеміз жоқ біз марқайып,
Абайлайық , байқайық
Бұл заманда мініп жүрміз
Түбі тесік желқайық

Әбілқайыр , Абылай
Қасым ханым , Тәукебай
Қаракерей Қабанбай ,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сырым батыр, Сыпатай,
Кенесары , Наурызбай
Исатай мен Махамбет
Төле биім , Райымбек
Есім ханы , Жәнібек
Әйтеке мен Қазыбек

О бабаларға Қол жеткіз зорға
Уа халқым енді Ұрпақты ойла
Аруағым қолда Тексіз боп қалма
Бас иіп жүрші топырағына

Халқымыздың өзге жандар берекесін ұрлады
Неге біздер ұмытамыз қасіретті жылдарды
Жасырмайық , паш етейік тарихтағы сырларды
Ұрпақтарға жеткізейік қасиетті ұлдарды

Абай , Жамбыл , Ақан -ай,
Біржан менен Сәкен -ай,
Шәкәрім мен Қасым -ай
Шоқан қазақ асылы - ай
Жүсіпбек , Ахмет , Міржақып
Мағжан қайда жатыр - ай
Тұрар , Илияс, Саттар - ай
Сүгірқаныш Сүйінбай
Дәулеткерей , Тәттімбет
Құрманғазы Динаапай

Неге ойламаймыз , бағаламаймыз
Бір - бірімізді біз алалаймыз
Ұран боп бірлік Жасайық тірлік
Осы да жетті Шашылып жүрдік

Өзгені біз бағалаймыз,ұлы етіп танимыз,
Өзімізге қарамаймыз, шашылса да барымыз
Ұлттық дәстүр қасиетке теріс ақты қанымыз
Ойланайық қасіретке жолыққанша бәріміз

Мұқағали , Марфуға
Төлеген мен Фариза
Әнуар мен Тұрсын хан
Сәбит , Ғабит Әбділдә
Қадір , Мұхтар , Олжасты
Нұрғисаны сен жырла
Шерхан , Шәмші, Тұманбай
Дінмұхаммед , Нұрсұлтан
Әлия , Мәншүк қазақтан
Бауыржандай батырың

Айтамын сізге , Байтақ жер бізде
Ел емеспіз бе Бөлінбес жүзге
Ұран боп бірлік Жасайық тірлік
Осы да жетер Шашылып жүрдік

Ұзақбаев Бағдаулет, Узакбаев Багдаулет, Халық қасиеті, Халык касиети mp3 скачать, слушать, текст песни,
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Ұзақбаев Бағдаулет

Отредактировал текст

10.02.2020
Пользователи