Махаббат заңы текст песни

Ұшқын Жамалбек

2018

11
1

Поделиться:



Баурайтын бір көргеннен сүйкімді көз қарасың
Көзімнен көзіңді алмай сиқырлы қозғаласың
Өзгеше жан болғасын білетін өз бағасын
Сұраса арманымды сен ғана сөз боласың

Қайырмасы
Бар әлем сенсің, аспан мен жерсің
Біреусің мыңнан артық тұратын
Өзіңді маған ал мені саған
Махаббат заңы тартып тұратын

Жалғайық жүрек дертін кел бермен екі арасын
Сезімді сыртқа тебе бергеннен не табасың
Мен саған жете аламын сен маған жете аласың
Бұза алсақ екеу болып тағдырдың шекарасын

Қайырмасы
Бар әлем сенсің аспан мен жерсің
Біреусің мыңнан артық тұратын
Өзіңді маған ал мені саған
Махаббат заңы тартып тұратын
Ұшқын Жамалбек, Ушкын Жамалбек, Махаббат заңы, Махаббат заны mp3 скачать, слушать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Мейрхат

Отредактировал текст

13.09.2018
Пользователи