Текст песни
Сағынбайды дейсің бе?
Қателестің
Сағынумен өзіңді,
Өтер бес күн
Ұмытуға тырысып жүргенменен,
Асау жүрек бағынбас, өзіме еш бір
Қайырмасы:
Ия, білемін өзімше үн қатпаймын
Себебі мен, дәлелдеуді ұнатпаймын
Аман жүргің , жарығым сөнбегің еш,
Не болса да , өзіңнен жырақтаймын.
Бақытты боп көрінген мен, негізінде,
Маза бермес сонда да , тырнақтай мұң
Таза сезім бойыма күшін беріп
Жыр жазамын жаныммен күңірентіп
Жазылмастай кеудеме түскен жара
Жазымыштың оғындай кері кетіп
Қайырмасы:
Ия, білемін өзімше үн қатпаймын
Себебі мен, дәлелдеуді ұнатпаймын
Аман жүргің , жарығым сөнбегің еш,
Не болса да , өзіңнен жырақтаймын.
Бақытты боп көрінген мен, негізінде,
Маза бермес сонда да , тырнақтай мұң
Бір құладым, білемін, жаңылыстым
Жалған бейне жанар да жалын құштың
Қате басып қадамды кері кетіп,
Жүрегімді өзіңе арнағышпын.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).