Төреғали Төреәлі Мен мақтаншақпын (2017) mp3 скачать слушать, текст песни

Мен мақтаншақпын текст песни

Төреғали Төреәлі

2017

25
0

Поделиться:



Ерлігі сақ бабаның кеңдігі жатқа мәлім
Жеріммен мақтанамын мен
Сол жерді мекендейтін шетелдер шетелдейтін
Еліммен мақтанамын мен
Еліме қорған болған бірігіп орман болған
Еріммен мақтанамын мен
Еріме жарасатын кірлетпей Алаш атын
Керіммен мақтанамын мен

[Қайырмасы]
Төбемдегі күнмен мақтанамын
Даламдағы гүлмен мақтанамын
Елімде бармен мақтанамын деп
Мақтаншақ болып барамын (2)

Қызықпын қаһарманмын қартымнан бата алғанмын
Қаныммен мақтанамын мен
Әкешім асқар тауым Анашым дастарханым
Бағыммен мақтанамын мен
Жүректі жылытатын өкпені ұмытатын
бауырмен мақтанамын мен
Тудырған тектілерді еңбекке ептілерді
Ауылмен мақтанамын мен

[Қайырмасы]
Төбемдегі күнмен мақтанамын
Даламдағы гүлмен мақтанамын
Елімде бармен мақтанамын деп
Мақтаншақ болып барамын (4)






Комментарии

Балауса Думанова

03 Ноября 2017

тездетіп мәтінің шығарсаныздаршы

Маржанай

12 Ноября 2017

өте керемет

Ләйлә Кірісханқызы

12 Ноября 2017

Күштііііі

Гульмира Садыкова

12 Февраля 2018

күштііііі

Миржалол Мирзейв

08 Апреля 2018

Куштiiii

ANGEL228 Кенес

15 Октября 2019

Кушти

Beknur Serik

Отредактировал текст

03.02.2018
Пользователи