Жан қызым текст песни

Таңат Мамырханов

Жан қызым

0
0

Поделиться:


Бойжетіп толқыттың-ау, күнім, мені,
Жүрегім қимай сені дірілдеді.
Қайтейін, жанға қимас жарығым ең,
Шуақты жүрегімнің түбіндегі.
Әкеңнің жағып едің жаңа таңын,
Қыр гүлім, қызғалдағым, балапаным.
Барым да, бақытым да өзің едің,
Басқаға қалай қиям сені, жаным?
 
Қайырмасы:
От түсіп, өртенеді-ау өзегіме,
Мұндайда жан анашың төзеді ме?
Жүзіңе жел тигізбей өсіріп ем,
Барасың ұзатылып өз еліңе.
 
Қарағым, қай жерде де босаға – құт,
Қарайлап ел-жұртыңа босама түк.
Бағыңды аш, барған жерде бақытты бол,
Бақ құсым, қосағыңмен қоса ағар-ай.

Қайырмасы:
От түсіп, өртенеді-ау өзегіме,
Мұндайда жан анашың төзеді ме?
Жүзіңе жел тигізбей өсіріп ем,
Барасың ұзатылып өз еліңе.
Таңат Мамырханов, Танат Мамырханов, Жан қызым, Жан кызым текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

09.03.2016
Видеоклип
Таңат Мамырханов
Жан қызым