Қызыл алаң текст песни

Сырбай Мәуленов

0
0

Поделиться:


Орнатқандай осы араға әлде кім
Ту түсіндей таңғы аспанды,
Тоқығандай тіні менен сәуленің
Күрең тарғыл татарды.
Кездерінде қатерлі жолға шығар
Қылыштың нұрын тосып күн нұрына,
Ант берген қолбасылар
Шығып алып Мавзолей тұғырына.
Қабылдаған революция жасаған батырларды
Мәрмәр тастың маңдайын күн шалғанда,
Қабырғада қалдырып атын мәңгі
Олар енді айналған шыршаларға!
Жеңістердің тоғысар жері болып,
Салатанатты тербелген күй үнімен,
Лениннің мәңгілік төрі болып,
Дүниені көтерген иығымен.
Қызыл алаң жайнайды от жалқыны боп,
Елімнің лениндік жас күні боп,
Тулайды қызыл мұхит толқыны боп,
Қызыл жалаулар тасқыны боп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қызыл алаң, Кызыл алан текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016