Қостанай текст песни

Сырбай Мәуленов

0
0

Поделиться:


Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген.
Үлкен өмір бөлегін,
Бұл қаладан сезем мен.
Жеті орасаң жершарын,
Жете тұғын жібегі;
Завод жатыр қаланың
Секілді от жүрегі.
Жерінің кен қатпары —
Қөмір, темір, тас түбі.
Республика мақтаны —
Қостанайдың астығы.
Жаны жайсаң досқа бай
Жібек желі тұр есіп;
Өзімізбен Қостанай
Келе жатыр бір өсіп.
1946
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Қостанай, Костанай текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

26.08.2016