Әлия текст песни

Смерч a.k.a. Жақау

Әлия

0
0

Поделиться:


Қаһарман қазақ қызы, ерліктің ерке бейнесі
Қазақтың мақтанышы, елімнің еркесі
Біртуар тұлға маңдайымызға туа біткен
Қорғасын намыс, пәк көңіл аппақ сүттен.
Кобданың суын ішіп, кіндігі сонда кесілген
Апа, сенің ерлігің шыққан жоқ елдің есінен
Ерлігіңмен мен де өсіп ем мақтан етіп өзіңді
Күллі әлемге үйреттің әйелдікке жат төзімді.
Шыдамды да қайсар едің төтеп берген жауына
18-дің өзінде қарсы тұрған дауылға
Нағашысы Әбубәкір тұлға болған қайсарлы
Сондықтан да Әлия тұнық мінезді, байсалды.
Құралайды көзге атқан мерген ең үздік
Мергендігімен көрінген ішінен жүз қыздың
Апа, сен қамал бұздың, ұрпағыңа болды үлгі
Ақтөбе өсіріп берген бізге осындай солмас гүлді!

Әлия, батыр қызы сен халқымның!
Әлия, ару қызы сен халқымның!
Ерке құсы кең даламның!

Анасы Маржан, намыс пен ар-ождан
Үлгі болған ол кісіге, кешікпей өмірден озған
Аналық ақ сүтімен сусындатқан Әлияны
Сондықтан да биік тұрған бәрінен де ар-иман.
Прибалтика ұмытқан жоқ өзінің мергендерін
Ұмытқан жоқ тізімін ел деп жанын бергендердің
Ұмытқан жоқ әлі де өз-өзіне сенгендерді
Ұмытқан жоқ өлгендерді, бірін-бірі көмгендерді
Ұмытқан жоқ батырын ел, ерлікпен жеңгендерді
Ұмытқан жоқ Жер-Ана жанып тұрып сөнгендерді
26-шы дивизия, 26 батыр қыз бала
Сол жандардың ерлігіне қарап өтем қызғана
Мен үшін өлмес тарих бар-жоғы 20 жас
Миллиондаған гүл шоғың қойсаң да өте аз
Новосокольники теміржолы сені ғасырға жоқтайды
Қазағым сенің есіміңді ғасырлар бойы мақтайды! 
Смерч a.k.a. Жақау, Смерч a.k.a. Жакау, Әлия, Алия текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Лаура Серікбай

26 Октября 2016

жаксы

GM

Добавил текст

30.10.2015
Видеоклип
Смерч a.k.a. Жақау
Әлия