Шаһизада ft. Айбар Серкебаев Асыл арман (2016) текст песни

Асыл арман текст песни

Шаһизада ft. Айбар Серкебаев

2016

0
0

Поделиться:


Арманым, ақ сәулелі күнімбісің?
Әлдебір алаулаған гүлімбісің?
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің?
Арманым, айтарым көп саған менің.


[Қайырмасы:]
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған,
Құсым ба едің?
Мен сенің құдіретіңе,
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім.


Арманым, құздан құлар бұлақпысың?
Әлдебір күлімдеген шырақпысың?
Әлдебір албыраған ай ма екенсің?
Арманым, айтшы маған, қайда екенсің?


[Қайырмасы:]
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған,
Құсым ба едің?
Мен сенің құдіретіңе,
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім.


Арманым, жүрегімнің жыры ма едің?
Жас ару жанарының нұры ма едің?
Әлдебір сазы ма едің домбырамның?
Қиялды асқар шыңға қондыратын.



[Қайырмасы:]
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған,
Құсым ба едің?
Мен сенің құдіретіңе,
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім.

Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Б.Тәжібаев







Комментарии

Айнур Бикенав

06 Апреля 2016

бул олен оте жаксы

Алина

28 Апреля 2016

өте жақсы

GM

Добавил текст

30.03.2016