Жүректегі көктемім текст песни

Шахизада

2017

1
0

Поделиться:



Жүзіңді көріп жайдарлы
Махаббат от боп жайнады
Кеудемде көрген күй ойнап
Жүрегім тілсіз сайрады
Көзіңнен көріп бір арай
Жаным деп айттым шыдамай
Сен болшы менің серігім
Болайын саған құралай

қайырмасы:
Тербетіп сезім бесігін
Ашайық бақыт есігін
Жүрекке көктем сыйлаған
Тек қана сенің есімін

Өртейді жанды от демін
Көп іздеп аңсап жеткенім
Көңілдің көзің ысырдын
Жүректегі көктемім
Жүректегі көктемім

Үміттен үміт келесің
Жағаға қашан келесің
Есімді мүлде баурадын
Ай сүйген сенің елесің
Елеймін ерке сөзіңе
Байландым мөлдір көзіңе
Жанымнан жырақ сәл кетсен
Сағынам ойлап езіле

қайырмасы:
Тербетіп сезім бесігін
Ашайық бақыт есігін
Жүрекке көктем сыйлаған
Тек қана сенің есімін

Өртейді жанды от демін
Көп іздеп аңсап жеткенім
Көңілдің көзің ысырдын
Жүректегі көктемім
Жүректегі көктемім
Шахизада, Шахизада, Жүректегі көктемім, Журектеги коктемим mp3 скачать, текст песни, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Отредактировал текст

05.06.2017
Пользователи