Махаббат назы текст песни

Сейітқали Қайырғалиев

Махаббат назы

0
0

Поделиться:


Армандап асыл тілекті,
Махаббат отын жандырдың.
Сондағы сүйген жүректі
Қай жерде бүгін қалдырдың?


Қайырмасы:
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?



Жұлдызды санап аспанда,
Түн бойы ұзақ қараған -
Ай нұрын бізге шашқанда
Жанарың қайда қадаған?


Қайырмасы:
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?



Құштарлық сезім биіктей,
Күтумен болып жыл құсын,
Жаралы болған киіктей
Жете алмай әлде жүрмісің?


Қайырмасы:
Қырдағы гүлдей түрге еніп,
Жүруші ек ешбір алаңсыз.
Түсіңе жиі жүр ме еніп
Қоштасқан кездер амалсыз?

Сейітқали Қайырғалиев
Сейітқали Қайырғалиев, Сейиткали Кайыргалиев, Махаббат назы, Махаббат назы текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015